Атырау облысы әкімінің екі орынбасары мемлекеттік қызметкерлерді оңтайландыру мақсатында қысқартылды

Атырау облысы әкімі орынбасарларының штаттық орындары қысқартылды. Олар - Нариман Таушов пен Серік Айдарбеков, деп хабарлайды ortcom.kz.

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру туралы Мемлекет басшысының 2022 жылының 16-наурызындағы Жолдауында айтылған тапсырманы орындау мақсатында Атырау облысы әкімі орынбасарларының шекті саны 2 адамға қысқартылды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты облыс әкімінің екі орынбасары С.Айдарбеков пен Н.Таушовтың штаттық орны қысқартылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте