Атырау мұнай өңдеу зауытына бас директор тағайындалды

Бұл жайында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры қызметіне Мұрат Әбиұлы Досмұратов тағайындалды.

«Атырау МӨЗ» ЖШС жаңа басшысын кәсіпорын ұжымына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының мұнай және мұнай химиясын өңдеу жөніндегі орынбасары Арман Қайырденов таныстырды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте