Хабиб Нұрмагомедов қатысқан турнирде полицейді итеріп жіберген ұйымдастырушы 10 тәулікке қамалды

Ақтауда ресейлік спортшы Хабиб Нұрмагомедов қонақ ретінде қатысқан турнирде полиция қызметкерін итеріп жіберген адам 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

«Видеодағы адамның кім екені анықталып, Ақтау қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік соттың шешімімен Ақтау қаласының арнайы қабылдау орнында 10 тәулікке қамауға алу туралы қаулы қабылданды» - деп мәлім етті Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 16 шілде күні Ақтауда аралық жекпе-жектен турнир өтіп , оған 15 мыңға жуық көрермен жиналған еді.

Осы турнирге мәртебелі мейман ретінде шақырылған Хабиб Нұрмагомедовке ұмтылған адамның полиция қызметкерін итеріп жібергені түсіп қалған видео желіде қызу талқыланған болатын.

Кейіннен ол адамның осы турнирді ұйымдастырушылардың бірі - Арман Тоғаев екені белгілі болды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте