Жаңа оқу жылында Семейде екі мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.
«Биыл қыркүйек айында Шығыс кентінде 1200 орынға арналған мектеп, ал Степной ауылында 300 орындық білім ордасы ашылады», - деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметі.
Әкімдік мәліметінше, бүгінде екі мектептің де құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Еске сала кетейік, бұған дейін Семейдегі мектептердің бірінің төбесі опырылып, төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған едік.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артты»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes