Биыл өңірлерді дамытуға республикалық бюджеттен 5,5 трлн теңге бөлінді

Биыл өңірлерді дамытуға республикалық бюджеттен 5,5 трлн теңге бөлінді. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың Алматы облысының тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды.

Балқаш ауданының тұрғындарымен кездесу барысында, басты назарда жаңа жұмыс орындарын құру, несие беру арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ халықтың табысын арттыру бағдарламасы және т. б. мәселелер болды.

«Ағымдағы жылы өңірлердің дамуына республикалық бюджеттен 5,5 трлн. теңге бөлінді. Бұл жалпы шығындардың 30%-ін құрайды. Қазіргі уақытта жергілікті бюджеттердің кіріс базасы нығайтылуда. Бұл ретте, шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын жергілікті деңгейге беру оң әсер етеді», - деп хабарлайды каржы министрлігі.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруға 128 млрд. теңге бөлінді, олар 580 ауылда 1 100 жобаны іске асыруға бағытталған.

Атап айтқанда «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 4,3 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беруге 20 млрд. теңге бөлінді. Осы кешенді жоспарлар шеңберінде 170 мыңнан астам жұмыс орындары енгізіледі.

"Осы шаралардың барлығы саяси тұрақтылықты, бизнестің мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесін айтарлықтай нығайтады, барлық қазақстандықтар үшін кең экономикалық мүмкіндіктер туғызады", - деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте