ҚазМұнайГаз басшысы Президенттің МӨЗ қызметіне қатысты берген тапсырмаларын орындау мәселесі бойынша жиын өткізді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев шілденің 15-і күні мұнай өңдеу зауыттар (МӨЗ) жұмысының жоспардан тыс тоқтауы мен ондағы оқыс оқиғаларды алдын алу жөнінде жиын өткізді, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.
Компания төрағасы, ҚМГ мұнай өңдеу блогының және отандық МӨЗ басшылары ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мәселелерін талқылады.
Мырзағалиев ел президенті МӨЗ қызметін бірнеше мәрте сынға алғанын атап айтты. Шілденің 14-і күні Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында МӨЗ-дердегі жоспардан тыс тоқтауы салдарынан жекелеген кезеңдегі мұнай өнімдерінің тапшылығы мәселесіне тоқталды.
«Зауыттар менеджменті өндіріс процесінің күрделілігіне және кез келген өндірісте сияқты штаттан тыс жағдайдардың сақталып отырған қауіпіне қарамастан, оқыс оқиғалар үшін қашанда жауапты болады. Мұнай өңдеу зауыттарының басшылары бұл мәселені үнемі қатаң бақылауда ұстап, қандай да бір қауіп-қатер кезінде шұғыл түрде тиісті шаралар қабылдауға тиіс», - деді ұлттық компания басшысы.
Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының басшылары оқыс оқиғаларды алдын алу және жабдықтың беріктігін арттыру бойынша қолға алынған шаралар туралы есеп берді. Сонымен қатар зауыттар менеджменті ҚМГ басшылығына 2020-2021 жылдары және 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірісте болған оқыс оқиғалар мен тоқтап қалулардың талдауын ұсынды. Олардың берген мәліметі бойынша, 2020-2021 жылдары барлық үш МӨЗ-де тоқтап қалудың 401 фактісі тіркелген: АМӨЗ-де 341, оның 60-ы оқыс оқиға, ПМХЗ – 13, оның 10 оқыс оқиға, ПҚОП-та – 47, оның 11-і оқыс оқиға. Талдауда МӨЗ-дердің жоспарлы тоқтап қалулары есепке алынбады.
Вам может быть интересно: «Казахстанские школьники завоевали 5 медалей на Международной олимпиаде по физике»