ШҚО әкімі: мемлекеттік бюджетке түсім 1,6 есеге артты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өңірде атқарылған жұмыс қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды ortcom.kz

Оның мәліметінше, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері тұрақты серпінді өсіп келеді.

«Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107% құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі - 108%, ауыл шаруашылығы өнімі - 103%, инвестиция -112%, құрылыс жұмыстары -110%. Осының барлығы мемлекеттік бюджетке түсімді 1,6 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Еңбек нарығы тұрақты дамуда. Соңғы екі жылда жұмыссыздық деңгейі 4,8% асқан жоқ. Орташа айлық жалақы 125% өсті», - деді облыс әкімі.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте