Елімізде 4,5 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

14 шілдедегі мәлімет бойынша, елімізде 4 477 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, олардың ішінде 503 пациент стационарда, 3 974 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 14 адамның жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратының көмегімен ғана дем ала алады», - делінген комиссия хабарламасында.

Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 534 769 адам, екінші компонентін 9 317 774 адам салдырды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте