Олжас Бектенов Ақмола бокс федерациясының боксшыларын құттықтады

Ақмола әуесқой бокс федерациясының президенті Олжас Бектенов боксшылар Теміртас Жүсіповті, Дина Жоламан мен Карина Ибрагимованы бокстан әлем чемпионаттарындағы жетістіктерімен құттықтады.

Спортшылармен кездесу бейресми жағдайда өтті. Олжас Бектенов жаттықтырушылар құрамының жұмысына оң баға беріп, сондай-ақ, спортшылардың табандылығын, еңбегін, қайсарлығын атап өтті. Кездесу барысында алдағы уақыттағы жоспарлар мен ағымдағы мәселелерді талқылады.

Өз кезегінде спортшылар мен жаттықтырушылар Агенттік Төрағасына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, Теміртас Жүсіпов 48 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды, Дина Жоламан (54 келіге дейін) және Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) бокстан әйелдер арасындағы 12-ші Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Агенттік Төрағасы Олжас Бектенов қазақстандық спортшыларды қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, боксшыларға елдің беделін арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте