Іздеу салынған сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікті ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалау органынан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударады.
Олардың көпшілігі қазақстандық сот төрелігінің қолы жетімсіз болу үшін елден тыс жерлерде жасырынып жүреді.
Мысалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық Департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбековты халықаралық іздестіруді жүзеге асырды.
Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбеков ұсталып, қамауға алынды.
Тергеу органдарынан жасырыну үшін ол өзінің тегін «Алтынбековтан» «Алшерге» өзгерткен.
Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі басталды.
Вам может быть интересно: «Новый президент Шри-Ланки будет избран 20 июля »