ІІМ жүйесінде кезекті ашық кадрлық тағайындаулар өтті

ІІМ басшылығы орталық аппарат және облыстық полиция қызметтерінің басшылары лауазымдарына кандидаттарды қарады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

Министр Марат Ахметжанов пен оның орынбасарлары үміткерлердің қызметтегі жетістіктерін, кәсібилігі мен жеке қасиеттерін талқылады.

Ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша:

– ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының міндетін атқарушы лауазымына Қанат Нұрмағамбетов;

– ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары лауазымына Олег Цой;

– ІІМ Ішкі аудит департаменті бастығының орынбасары лауазымына Байболат Майтанов;

– Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары лауазымына Ермахан Абдраманов;

– Түркістан қаласы Полиция басқармасының бастығы қызметіне Бауыржан Жанаев тағайындалды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте