Қазақстан арқылы өтетін пилоттық жүк пойызы Үндістанға жөнелтілді
Жүктерді құрлық дәлізіне қайта бағдарлау аясында Мәскеу облысының Чехов станциясынан Нава-Шева портына (Үндістан) пилоттық контейнерлік пойыз жөнелтілді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы.
« Қырық футтық контейнерден тұратын пилоттық пойыз белгіленген станцияға құрылыс материалдарын жеткізеді. Ресей, Қазақстан, Түрікменстан, Иран және Үндістан аумақтары арқылы өтетін теміржол желісінің ұзындығы 8 мың шақырымнан асады. KTZ Express Қазақстан – Түрікменстан – Иран бағытына жүктерді қайта бағдарлауды жеделдетуге ерекше назар аударады», - деп жазды ведомстводан.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан, Түрікменстан және Иран арқылы Түркияға құрлықтық дәліз бойынша пилоттық контейнерлік пойыз жөнелтілді.
Вам может быть интересно: «Узбекистан в сотрудничестве с ООН оказывает гуманитарную поддержку Афганистану »