Нұрлан Әбдіров Президентке референдум қорытындысы жөнінде баяндады

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды  Ақорда.

Президентке Орталық референдум комиссиясы қызметінің қорытындылары, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының сайлау жүйесін жетілдіруге қатысты қазіргі атқарып жатқан жұмыстары және Қазақстанның сайлау органдарын кәсіби тұрғыдан күшейту әдістері жөнінде баяндалды.