АХҚО мен «Атамекен» өзара түсіністік туралы Келісімге және өзара іс-қимылдың Жол картасына қол қойды
Ағымдағы жылдың 28 маусымында Astana Finance Days шеңберінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы («Атамекен» ҰКП) арасында өзара түсіністік туралы Келісімге және өзара іс-қимылдың Жол картасына қол қою рәсімі өтті.
Құжаттың негізгі мақсаты АХҚО мен «Атамекен» ҰКП арасындағы өзара іс-қимылдың берік негізін белгілеу, сондай-ақ барынша өзекті мәселелер бойынша тәжірибе және ақпарат алмасу болып табылады.
Жол картасы одан әрі өзара ынтымақтастық бойынша нақты қадамдарды айқындайды және инвестициялық тартымдылықты жақсартуға, бизнеске жәрдемдесу мәселелеріндегі өзара іс-қимылға, баламалы қаржыландыруды дамытуға және басқа да сұрақтарға бағытталған іс-шараларды қамтиды.
Вам может быть интересно: «Лидеры «Большой семерки» пообещали поддерживать Украину «столько, сколько потребуется»»