Таиландта көркем гимнастикадан Азия чемпионаты аяқталды.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, көпсайыста Айбота Ертайқызы 4-інші болды. Ал Елжан Таниева 7-інші нәтиже көрсетті.
Жекелей біріншілікте Елжан Таниева лентамен жаттығу көрсетуде үздік шығып, алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ол ұршықпен жаттығудың финалында күміс жүлдегер болды.
Айта кетейік, осыдан бір күн бұрын Қазақстан командасы топпен жаттығу жасауда алтын медаль иеленген еді. Спортшы қыздарымыз шеңбермен өнер көрсетуде 30 балл алып, топ жарды. Көркем гинастиканың бұл түрінде «күміс» Өзбекстанға, «қола» Жапонияға бұйырды.
Вам может быть интересно: «Свыше 3,7 млн жителей на юге Китая пострадали из-за наводнений»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes