Сауда балансының профициті 9,9 млрд долларды құрады


2021 жылы Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шотының тапшылығы (-) 5,7 млрд долларды құрады, ағымдағы шоттың теріс сальдосының қысқаруы сауда балансы ахуалының жақсаруына байланысты, деп мәлімдеді 16 маусымда өткен ҚР парламенті сенатының пленарлық отырысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов.
Сауда балансының профициті 2020 жылғы 10,3 млрд доллардан 2021 жылы 20,7 млрд долларға дейін екі есе артқан. Профициттің өсуіне тауарлар экспортының ұлғаюы ықпал еткен.

«Алдын ала деректерге ден қойсақ, ағымдағы шот 2022 жылдың І тоқсанында профицитпен қалыптасып, 2,2 млрд долларды құрады. Ағымдағы шоттың теріс сальдосының оң аймаққа ауысуы сауда балансының жақсаруына байланысты», - деп түсіндірді Ғалымжан Пірматов сенаторлардың алдында сөйлеген сөзінде.
Ұлттық Банк төрағасы келтірген деректерге жүгінсек, қазір сауда балансының профициті 6,3 млрд долларға ұлғайып, 9,9 млрд долларды құраған.
Профициттің өсуі мұнайдың қымбаттауы аясындағы тауарлар экспорты қарқынының импорттан асып түсуі негізінде орын алған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте