Дзюдодан ұлттық құрама рейтингілік Grand Slam жарысына қатысады

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтетін рейтингілік Grand Slam жарысына қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz сайты

Аталған әлемдік бәсеке 24 маусым күні басталады. Ерлер ұлттық құрамасынан – 13, әйелдер командасынан 7 спортшы Қазақстан намысын қорғайтын болады.

Ерлер: Бауыржан Нарбаев (60 келі), Қанат Сейілхан (60 келі), Елдос Сметов (66 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Ерлан Серікжанов (73 келі), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келі), Бекәділ Шаймерденов (81 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Ерсұлтан Мұзаппаров (90 келі), Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шерхан (-100 келі), Ислам Бозбаев (-100 келі), Әділ Оразбаев (+100 келі).

Әйелдер: Абиба Абужақынова (48 келі), Самалай Ерғалиева (63 келі), Зере Бектасқызы (70 келі), Екатерина Токарева (70 келі), Аруна Жангельдина (-78 келі), Назгүл Маратова (+78 келі), Камила Берліқаш (+78 келі).

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте