Елена Рыбакина мен Александр Бублик Еуропадағы турнирлерді сәтті бастады
Қазақстанның бірінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Александр Бублик Еуропадағы турнирлерді сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемнің 21-ракеткасы Рыбакина Хертогенбос (Нидерланды) WTA 250 жарысының алғашқы айналымында америкалық Джейми Лобпен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді. Е.Рыбакина 10 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Еленаның екінші айналымдағы қарсыласы кейін анықталады.
Александр Бублик жекелей сында Штутгарт (Германия) ATP 250 додасында бастапқы кездесуін америкалық Денис Кудламен өткізді. Қазақстандық спортшы 7:6 (7:3), 7:5 есебімен ұтты. Ол 12 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Александр екінші айналымда «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы, ұлыбританиялық Энди Марреймен күш сынасады. Биыл өзара екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді.
Вам может быть интересно: «Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды»