Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қаражат көлемі 140 млрд теңге.
Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, биылғы егіс жұмыстары Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан басқа барлық өңірде аяқталды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баяндады.
Егіс жұмыстарын жүргізуге байланысты барлық мәселені үйлестіру мақсатында Республикалық жедел штаб құрылды.
Жалпы егіс алқабы 23,1 млн га құрады, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 105 мың га артық.
Осы жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қаражат көлемі 140 млрд теңге.
«"Қазгидромет" РМК деректері бойынша жалпы өнім үшін ауа райы қолайлы болады деп болжануда. Дегенмен оңтүстік өңірлерде ылғалмен қамтамасыз ету тапшылығы байқалады. Осыған байланысты оңтүстік өңірлердің әкімдері сумен қамтамасыз ету шараларын уақтылы қабылдауы қажет», – деп түйіндеді Ербол Қарашөкеев.
Вам может быть интересно: «Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды»