БЖЗҚ тұрғын үй және емделу үшін 1,7 миллионнан астам өтінішті орындады
2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 323 432 өтінішін орындады.
Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 трлн теңгеден астам қаржы аударылды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге.
Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (17,63%), Нұр-Сұлтан қаласының (13,98%), Маңғыстау облысының (10,36%) тұрғындары тарапынан жолданған.
Атап кетейік, уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 446,4 млрд теңгеден аса қаражат қайтарылды, себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.
Сонымен қатар, БЖЗҚ емделуге берілген 298,0 млрд теңгеге 384 969 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,8 млн теңге. Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) 29,2 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің қалауы немесе өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.
2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) 8,7 млрд теңге аударылып, БЖЗҚ 5 870 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы 1,5 млн теңге.
Вам может быть интересно: «Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды»