«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу 3 шілдеде аяқталады

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшылары депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді соңғы күнін қоса алғанда ағымдағы жылдың 3 шілдесіне дейін алуға құқылы екендігін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлайды.

Бүгінгі таңда «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемнің жалпы сомасының 92%-дан астамы төленгеніне қарамастан, қаражаттың белгілі бөлігі әлі де талап етілмей отыр. Негізінен бұл көп сомалар емес. Оларды алу үшін агент банктің бөлімшелеріне келудің қажеті жоқ. Салымшылар кепілдік берілген өтемді алуға өтінішті онлайн бере алады. Бұған бар болғаны бірнеше минут қана уақыт кетеді.

«Онлайн-өтініш беру үшін салымшының (тікелей банк шоттарының, төлем карточкалары мен салымдардың иесінің актуалды электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет. Әрі қарай бейне тексеруден өту немесе ұялы телефон нөміріне алынған бір реттік парольді (код) енгізу қажет болады. Бір реттік парольді Мобильді азаматтар базасында тіркелген номері бар салымшылар ғана пайдалана алады. Өз кезегінде салымшының заңды өкілдері, сенімхат бойынша өкілдері, мұрагерлері немесе басқа құқық иеленушілері «Еуразиялық банк» АҚ-қа жүгініп, растаушы құжаттарды ұсынулары тиіс», - деп түсіндірді ҚДКБҚ төрағасы Әділ Өтембаев.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте