Серфингтен құлап, суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы.
«2005 жылы туған бала «Солдатский» жағажайы тұсында серфинг кезінде суға батып кеткен. ТЖД-нен 5 құтқарушы, 2 жүзу құралы және 1 техника, «Апаттар медицина орталығы» ММ-нен 3 қызметкер, 1 техника іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Баланың денесі бүгін сағат 08:35 шамасында табылды», - деді Ақтау қалалық ТЖБ аға инженері Есен Борашев.
Бұдан бұрын Ақтаудағы жағажайда жасөспірімнің суға батып кеткені хабарланған болатын.
Вам может быть интересно: «Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes