Қазақстандық төрешілер таэквондодан халықаралық дәрежедегі рефери атанды

 Әзірбайжанның Баку қаласында таэквондо бойынша төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған семинар аяқталды. Оған отандық мамандар да қатысты, деп хабарлайды  Ұлттық Олимпиада комитеті.

Семинар аясында төрешілер білімдерін шыңдады. Қорытындысы бойынша үш қазақстандық төреші - Малика Жандаева (Алматы қаласы), Айдана Махимова (Атырау облысы), Асылбек Байқоңыров (Жамбыл облысы) халықаралық дәрежедегі рефери атағына ие болды.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте