Қазақстанда алдағы үш күнде күн суытады

 «Қазгидромет» РМК 2-4 маусым күндергі ауа райы болжамын мәлім етті.

«Атлант ауасының ызғары бар солтүстік антициклон республика аумағы арқылы жылжи отырып, ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.

Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік өңірлерде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. 4 маусымға қарай суық антициклонның жақындағанын оңтүстік өңірлер де сезеді. Күндіз термометрлер 18-23 градусқа дейін төмендейді», - делінген синоптиктер болжамында.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте