Жеңілдетілген автонесиеге 22 мыңдай өтініш түсіп, 9 мыңға жуығы қабылданды

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 21 897 өтініш түсіп, 8 795 өтініш расталды, деп хабарлайды Өнеркәсіпті дамыту қорының баспасөз қызметі.

«Бағдарлама 16 мамырда басталғанына қарамастан, екінші деңгейлі банктерге 21 897 өтініш келіп түскен. Оның ішінде сомасы 65,1 млрд теңге болатын 8 795 өтініш расталды» делінген хабарламада.

Қор таратқан мәліметке сай, бүгінгі таңда ҚР қалалары мен аудандарында 974 автокөлік шығарылды:

- Нұр-Сұлтан қ. – 111

- Алматы қ. – 201

- Ақмола облысы– 18

- Ақтөбе облысы– 35

- Алматы облысы – 7

- Атырау облысы – 26

- Шығыс Қазақстан облысы– 92

- Жамбыл облысы – 54

- Батыс Қазақстан облысы– 34

- Қарағанды облысы – 81

- Қостанай облысы – 65

- Қызылорда облысы – 16

- Маңғыстау облысы– 29

- Павлодар облысы – 37

- Солтүстік Қазақстан облысы– 14

- Шымкент қ.– 108

- Түркістан облысы – 46

Төлем қабілеттілігін тексерумен және автонесиелерді мақұлдаумен
екінші деңгейлі банктер айналысады.

Өтініш беру және кеңес алу үшін серіктес банктерге хабарласуға болады:

• «Еуразиялық банк» АҚ,

• «Банк ЦентрКредит» АҚ,

• «Қазақстан Халық банкі» АҚ,

• «Forte Bank» АҚ.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте