ҚР премьер-министрі «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніне барды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніне барды, ortcom.kz деп хабарлайды.

ҚР Үкіметінің басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу қабырғасына гүл шоғын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мұражай кешенін аралау кезінде Әлихан Смайылов экспозициялар мен басты залдарды көріп, танысты.

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешені Ақмол кентінде бұрынғы «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагерінің» орнында орналасқан.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте