Мемлекет басшысы қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқытты

Мемлекет басшысы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқытты, деп хабарлайды Ақорда.

31 мамыр – Қазақстан қоғамы үшін әрі қасіретті, әрі қасиетті дата. Қасіретті болатыны, ел ішінде ХХ ғасырдың өн бойында жалғасқан саяси-қуғын сүргіннің ызғары шарпымаған әулет жоқ. Қасиетті болатыны, үш ғасырдан астам уақытқа созылған тәуелсіздік жолындағы күрестің соңғы құрбандары осы нәубеттерден зардап шеккен болатын.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте