Қазақстан жаңалықтар
24 мая 2022, 21:13
БҚО-дағы кірістер департаментінің маманы 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
«Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы әшкереленді. Ол «Ж» ЖШС директорынан салық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін 40 млн теңге пара алды деп күдіктелуде», - делінген хабарламада.
Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Оған қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Вам может быть интересно: «Байден считает войну в Украине глобальной проблемой»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes