2030 жылға дейін Қазақстанда 972 МСАК нысаны мен 35 аурухана салу жоспарлануда

Ескірген инфрақұрылыммен және әсіресе ауылдық деңгейдегі медициналық-санитарлық алғашқы көмекке қол жетімділікпен байланысты негізгі проблемалық мәселелерді Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік жоспарларын іске асыру шеңберінде кезең-кезеңімен шешу жоспарланып отыр.

"2030 жылға дейін Өңірлік даму жоспарлары аясында 972 МСАК нысанын, аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде 35 жаңа аурухана салу және ашу, сондай – ақ жұмыс істеп тұрған 1 033 аурухана мен емхананы күрделі жөндеу жоспарланған", - деді А.Жемакишева.

Ол салынған нысандар барлық өңірлердегі халыққа жоғары технологиялық, білікті, мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.