Қазақстанда жаңа кен орындарын ашу үшін айтарлықтай перспективалар бар

Алтын, қорғасын, мырыш. Қазақстанда жаңа кен орындарын ашу үшін айтарлықтай перспективалар бар.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ЭГТРМ Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиев мәлімдеді. Мысалы, алтын кен орындары - бұл Ақмола және Қостанай облыстарының, сондай-ақ елдің Орталық, Шығыс және оңтүстік өңірлерінің алаңдары. Жаңа қорғасын-мырыш кен орындарын Орталық және Оңтүстік Қазақстанда, Кенді Алтайда, сондай-ақ Ресей және Қытаймен шекаралас алаңдарда ашуға болады.

«Вольфрам, молибден, алюминий, қалайы, сирек кездесетін жер және басқа да пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын ашу перспективалары бар. Осы мақсаттарда жер қойнауын пайдалануға инвестициялар тарту үшін мемлекет жер қойнауын геологиялық зерттеудің ерте сатыларын: алаңдарды геологиялық жете зерттеуді, геологиялық-минерагендік картаға түсіруді, терең геологиялық картаға түсіруді жүргізеді, оның нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға одан әрі тарту үшін перспективалы учаскелер айқындалады. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Геология саласын дамыту» бағытын қамтитын «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы қабылданды. Жоба аясында 2026 жылға қарай зерттеулердің жалпы ауданы 680 мың км2 - ден асады», - деді спикер.

Ұлттық жоба шеңберінде 2021 жылы 79 объектіде жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша жұмыстар қолға алынды. Биыл мемлекеттік бюджет есебінен жұмыстар 103 объектіде жүргізілуде.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте