Қазақстан жаңалықтар
18 Мая 2022, 09:31
Александр Недовесов Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты
![Медициналық жоғары оқу орындарының қазақстандық студенттері Нидерландтың медорталығында білім ала алады](https://img.forbes.kz/forbes-photobank/media/2024-05-18/296864ac-fe9b-4c61-9b86-cbd691fbdbc4.webp)
Медициналық жоғары оқу орындарының қазақстандық студенттері Нидерландтың медорталығында білім ала алады
Қазақстандық Александр Недовесов Лион (Франция) ATP 250 турнирінің жұптық сынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге бастапқы кездесуін франциялықтар Юго Бланше – Альбано Оливеттимен өткізді. Тартысты өткен матчта қазақстандық-пәкістандық жұп 7:6 (7:5), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Куреши 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қазақстан-Пәкістан жұбы жартылай финалға шығу үшін осы доданың 3-ракеткалары, бельгиялықтар Сандер Жилле – Йоран Флигенмен кездеседі.
Вам может быть интересно: «Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes