Әділхан Ержановтың «Штурм» фильмі Лос-Анджелесте өткен фестивальде жүлде алды

Әділхан Ержанов түсірген жаңа кинотуынды LA Asian Pacific Film Festival кинофестивалінде Гран-при жүлдесіне (Grand Jury Award for Best Narrative Feature) ие болды, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясы.

Фильмдегі оқиға Қаратас ауылындағы мектепте өрбиді. Білім ордасын басып алған белгісіз біреулер оқушыларды тұтқынға алып, оларды босату үшін ешқандай талап қоймайды. Қаладан көмекке шыққан құтқарушылар алай-дүлей соққан ызғарлы бораннан жете алмағандықтан, мектеп ұстазы Тазшы ата-аналардың басын қосып, балаларды босатуға бел буады.

Фильмдегі басты рөлдерді Азамат Нығманов, Александра Ревенко, Берік Айтжанов, Данияр Алшынов, Нұрлан Батыров, Теоман Хос, Еркен Губашев және Ерден Телемісов сомдайды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте