Түркиямен арадағы келісімдерді жүзеге асыру жеке бақылауымда болады – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесу барысында бұл шараның Қазақстан мен Түркия сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайта түсуге септігін тигізеріне сенімділік білдірді, деп хабарлайды  Ақорданың баспасөз қызметі.

«Бүгін біздің елдеріміздің компаниялары арасында 30 коммерциялық құжатқа қол қойылды. Оның бәрі екі елдің алыс-берісін жандандыруға тың серпін береді деп сенемін. Баршаңызды бізбен бірлесіп, өзара тиімді жұмыс істеу үшін Қазақстанға шақырамын. Ең басты мәселе – қол жеткізетін келісімдерді жүзеге асыру. Бұл өте маңызды. Сондықтан, менің жеке бақылауымда болады!» - деді Президент.


Мемлекет басшысы келешекте қазақ-түрік достығы нығая беретініне кәміл сенетінін айтқан болатын.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте