Ереванда қаржы-экономикалық саласындағы қазақстандық-армян ынтымақтастығы талқыланды

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Арменияның Қаржы министрі Тигран Хачатрянмен кездесіп, қаржы-экономикалық саладағы қазақстандық-армян ынтымақтастығының мәселелерін талқылады.

Елші президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауының негізгі қағидалары туралы, сондай-ақ әлеуметтік бағыттағы тұрақты нарықтық экономиканы дамытуға бағытталған еліміздің жаңа экономикалық саясаты жайлы хабардар етті.

Өз кезегінде армян тарапы Мемлекет басшысының бастамаларын жоғары бағалап, конституциялық реформа Жаңа Қазақстанды құруға бастау бола алатынын атап өтті. Т. Хачатрян Арменияның Қазақстанмен қаржы, салық және банк секторларында ынтымақтастық орнату мен тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты.

Кездесу барысында тараптар 2021 жылғы 26 мамырдағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Армения үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысының Хаттамасын іске асыру мәселелері, сондай-ақ қаржылық өзара іс-қимылды жандандырудың перспективалары мен мүмкіндіктері жайлы ой бөлісті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте