Екібастұз ГРЭС-1 және АлматыЭнергоСбыттың жаңа басшылары тағайындалды
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Ержан Ертаев «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды.
Ертаев Ержан Ерболұлы 1985 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
Павлодар Инновациялық Еуразия университетін 2008 жылы «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша және 2012 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы «Павлодар лифт» ЖШС электр механигі болып бастады, кейін Павлодар облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бас маманы қызметін атқарды.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде, ҚР Энергетика министрлігінің Ақмола және Қарағанды облыстары бойынша Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінде, «Павлодар облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де басшылық қызметтерін атқарды.
Соңғы атқарған қызметі: «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Аппаратының басшысы.
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің Бас директоры қызметіне Еділ Көпенов тағайындалды.
Еділ Құдайбергенұлы Көпенов 1970 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
1994 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін «Тарих» мамандығы бойынша, 2002 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетті «Қаржы және несие» мамандығы бойынша және 2011 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1992 жылы «Азияторгсервис» кәсіпорнының коммерциялық бөлімінің менеджері, кейін коммерциялық директоры болып бастаған.
Әр жылдары энергиямен жабдықтаушы, электр желілік және энергия өндіруші ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарған: «Талдықорған АЭС» ААҚ, «Үштөбе АЭС» ААҚ, «Талдықорған акционерлік көлік-электр желілік компаниясы» АҚ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС, «СевКазЭнерго Петропавловск» ЖШС, «Солтүстік Қазақстан Энергоорталығы» ЖШС, «Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» АҚ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «Астана-ЕРЦ» ЖШС.
2016 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде – «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» (ЭҚНҚО) АҚ-ның Басқарма Төрағасы, кейіннен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі болып жұмыс атқарды.
Соңғы лауазымы: «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің бас директоры.
Вам может быть интересно: «Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті»