Алматыда әскери білім мен ғылымның өзекті мәселелері талқыланды

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтында «Әскери ғылымның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Іс-шараға жоғары әскери оқу орындарының ғалымдары, профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері, оқытушылары, докторанттары мен магистранттары, дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

Конферецияда Қазақстанда аккредиттелген Ұлыбритания мен Польшаның әскери атташелері подполковник Роберт Бакстер және подполковник Александр Сухенек, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің бастығы генерал-майор Сәбит Тауланов және басқалар баяндама жасады.

Сонымен қатар әскери оқу орындарының, Қазақстанның барлық өңірлерінің, сондай-ақ Беларусь, Қырғызстан және Польшаның жоғары оқу орындары әскери кафедраларының 50-ден астам тақырыптық материалдары ұсынылды.

Іс-шара барысында қатысушылар курсанттардың зерттеу жұмысы дағдыларын қалыптастыру, жаңа білім беру технологияларын педагогтарға үйрету, әскери кадрларды даярлау жүйесінде бірыңғай ақпараттық кеңістік құру мәселелерін де қарастырды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте