Қазақстан жаңалықтар
                      
                    25 апреля 2022, 19:41
                    Синоптиктер бес облыстың ауа райына байланысты ескерту жариялады
Қазақстанның бес облысының ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде шығыста, Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін.
«Қарағанды облысының батысы мен шығысына түнде тұман түседі. Жезқазған қаласында түнде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с», - деп жазды ведомство.
Вам может быть интересно: «Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті»
                    Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
                    текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
                  
                  
                      Больше на Forbes
                    
                     
                           
 