Бақыт Сұлтанов «Даму» қоры директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды.

Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтына жарияланған хабарламада айтылған.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі шешімімен Б.Сұлтанов қордың директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланғаны туралы биржаға хабарлайды», - делінген жазбада.

Онда енгізілген өзгерістер ескеріліп, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры« АҚ директорлар кеңесі жеті адамнан тұратыны да мәлімделген. Олардың қатарында Б.Сұлтанов, Е.Бахмутова, Р.Баталов, А.Нұрғалиева, Т.Жаксылықов, А.Мұхамеджанов, Г.Бөрібаева бар.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте