Павлодар мұнай зауытына қатысты тағы бір заңбұзушылық анықталды

Павлодар мұнайхимия зауытына қатысты заң бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы \ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлайды.

«Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратураның басшылығымен «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС қызметін ведомствоаралық тексеру шеңберінде 2021 жылы шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындауға монополиялық жоғары баға белгілеу түрінде зауыттың өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілерін анықтады. Монополияға қарсы департаменттің қорытындысын прокуратура іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдады», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры О. Алсеитов және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, зауыт басшысы екі айға қамалды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте