Рим Папасы Қазақстанға ресми сапармен келетінін растады

Рим Папасы Францинск Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рим Папасы Францискпен бейнебайланыс режимдегі келіссөзі барысында белгілі болды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары, сондай-ақ конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілету мәселелері талқыланды.

Биыл қыркүйек айында елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің күн тәртібіне баса мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл форумның Қазақстан үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Президент конфессияаралық келісім мен бірліктің қазақстандық моделі туралы айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Рим Папасына Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар жөнінде мәлімет берді.

Рим Папасы кездесуге мүмкіндік бергені үшін Президентке ризашылығын білдіріп, Қазақстанға ресми сапармен келетінін, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысатынын растады. Сондай-ақ өзінің Қазақстанға сапары мен алдағы уақытта өтетін форумнан үлкен үміт күтетінін жеткізді.

– Мен дінаралық диалогты, мемлекеттердің бірлігі мен жақындасуын ілгерілету тұрғысынан осы келелі жиынды тағатсыздана күтемін. Мұның қазіргі уақытта мәні өте зор, – деді Католик шіркеуінің басшысы.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте