Ел ішінде оқу-жаттығу аясында әскери техникалар қозғалысы болады

 Қазақстанда «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы жалғасуда. Аталған шара биылғы сәуір айында өтеді, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығу Мемлекет басшысы – Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың армияның жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру, күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

Оқу-жаттығу барысында күштер мен құралдардың ел ішінде қозғалысы жасалады. Бөлімшелер оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау үшін полигондарға марш жасап, содан кейін тұрақты орналасу пункттеріне оралады.

Жаттығу Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан секілді жеті облыстың, сондай-ақ республикалық маңызы бар Алматы және Шымкент қалаларының аумағында өтеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте