Жыл басынан бері 3,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

 Мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

1 сәуірдегі деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары кәсіпорындардың жұмысшыларға 866,4 млн. теңгеден астам берешегі барын анықтады. Атап айтқанда, 230 кәсіпорынның 4,4 мың адамға жалақы бойынша қарызы белгілі болды.

«Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 134 нұсқама беріліп, 27 млн. теңгеден астам айыппұл салынды» делінген ведомствоның баспасөз мәлімдемесінде.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 3,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 752,7 млн. теңге төленді.

Айта кетейік, бұған дейін министрлік жұмысқа орналастыруды жеңілдету үшін «Электронды жеке іс» сервисін қолданысқа енгізген болатын.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте