Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы өзара іс-қимылды нығайтуға баса назар аудара отырып, қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы биылғы мамыр айында Қырғызстанға жасайтын мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке сөзсіз тың серпін беретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Құмтөр алтын кен орнының мәртебесі туралы келіссөздердің сәтті аяқталуымен құттықтады.

Бұдан бөлек президенттер бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте