Жайна Сламбекқызы «Хабар» арнасының директоры қызметіне тағайындалды

Жайна Сламбекқызы «Хабар» арнасының директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «Хабар» агенттігінің Басқарма Төрағасы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті.

«Бүгіннен бастап Жақсылықова Жайна Сламбекқызы «Хабар» арнасының директоры лауазымына тағайындалды.

Жайна журналистиканың өз жауынгері. Көрермен қауым оны сараптамалық бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі ретінде жақсы таниды. Әріптесімді жаңа қызметімен шын жүректен құттықтап, сәттілік тілеймін! «Хабардың» дамуына қосар үлесіңіз зор болады деп сенемін!» делінген хабарламада.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте