Елорда әкімдігі әлеуметтік нысандары тапшы тұрғын үй кешендерінің құрылысы жөніндегі ұсыныстарды қабылдамады
2022 жылғы 4 сәуірде «Нұр-Сұлтан» әуежайында «Стамбул-Нұр-Сұлтан» бағытындағы халықаралық әуе рейсінің жолаушыларына шекаралық бақылау жүргізу кезінде декларацияланбаған зергерлік бұйымдарды кіргізу әрекеті үшін ҚР азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметі Баспасөз орталығы.
Алтын бұйымдарының жалпы салмағы 34 кг-нан асты. Ұсталған тауардың алдын ала құны 1 миллиард теңгеден артықтықты құрайды.
Құқық бұзушылық АЕК-те Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234-бабы 1-бөлігі (аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда) бойынша тіркелді.
Ұсталған азамат пен алтын бұйымдар ҚР ҚМА Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне одан әрі процестік іс-қимылдар жүргізу үшін тапсырылады.
Вам может быть интересно: «Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті»