Нұрлан Ноғаев: Балалар болашағын мұнай-газ саласымен байланыстыру дұрыс емес
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласына барған жұмыс сапарының екінші күні Рахат, Теңге ауылдарындағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, екі елді мекеннің тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметінен мәлім етті.
Аймақ басшысының Теңге ауылының тұрғындарымен кездесуінде ауыл әкімі Сәрсенбек Қалаубаев жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, 2022 жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жиналғандарды өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, сұрақтарына жауап берді, ұсыныстарын тыңдады.
Кездесуде халық әлеуметтік сала, жұмыспен қамту, мал шаруашылығы, жер телімдерін алу, көшелерге асфальт салу, денсаулық сақтау және коммуналдық қызметтердің құны мәселелерін көтерді.
Вам может быть интересно: «Пентагон: Киев по-прежнему находится в опасности»