Әскери киім нысандарын кию ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы №476 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.

Құжатты қабылдау құқық нормаларын сәйкестендіруге мүмкіндік беріп, аталған қағиданың жекелеген ережелерін нақтылайды.

Осы бұйрық жобасы арқылы мемлекеттік органдар мен ведомстволардың атаулары, халықаралық әуежайлардың авиациялық комендатуралар әскери қызметшілерінің әскери киім нысанын кию және айырым белгілерін, қысқы уақытта жазғы киім нысаны заттарын, сондай-ақ мемлекеттік наградаларды, ведомстволық медальдарды және әскери оқу орындарын бітіргені туралы омырауға тағатын белгілерді тағу тәртібі нақтыланды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте