Президенттің жолдауы Женевада талқыланды

Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелетпен кездесу өткізді.

Қазақстандық дипломат БҰҰ әріптесін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған саяси реформалардың кең ауқымды бағдарламасы мен «Жаңа Қазақстан» құрылуының тұжырымдамасымен таныстырды. Сонымен қатар, Е.Әлімбаев Жоғарғы комиссарға елімізде қаңтар айындағы оқиғаларды тергеу бойынша соңғы ақпаратты ұсынды.

Өз кезегінде М.Бачелет Мемлекет басшысының жаңа саяси бағдарламасына шынайы қызығушылық танытып, Қазақстан мен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі басқармасы арасындағы өзара сындарлы іс-қимылдың одан әрі жалғасатынына сенім білдірді

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте