«Таза табиғат» республикалық акциясы басталды

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында жастар ұйымдары мен жастар ресурстық орталықтары өкілдерінің қатысуымен жаппай ағаш отырғызу және елді мекендер мен аулалардың аумақтарын тазарту бойынша «Таза табиғат» республикалық акциясы басталды.

Шараға 40 мыңнан астам адам қатысып, 15000-ға жуық ағаш, 13400 көшет, оның ішінде 200 тал көшеті отырғызылды.

Сонымен қатар, республика бойынша жастар фестивальдері, дастархан, танымдық интеллектуалдық байқаулар ұйымдастырылды.

Бұл шаралар Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, азаматтарды елдің жасампаз дамуының ортақ міндеті айналасына топтастыру, ортақ мәдени-рухани құндылықтар мен жалпыұлттық сананы қалыптастыруға бағытталған.

Жалпы экологиялық акциялар аясында республика бойынша 500 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте