Нұрхат Көшімов АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің бас директоры болып тағайындалды

АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті Директорлар кеңесінің шешімімен (Astana Financial Services Authority, AFSA) ​​Көшімов Нұрхат Манасұлы 2022 жылғы 18 наурыздан бастап AFSA бас директоры болып тағайындалды.

Осыған дейін осы қызметті атқарған М. Бөбеев ұйымның директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басықарушысы Қайрат Келімбетов атап өткендей, «Нұрхат Көшімовтің қаржы нарығын реттеу саласында басшылық лауазымдарда үлкен тәжірибесі бар. AFSA-да ол құқықтық қамтамасыз ету, компанияны тіркеу және қаржылық технологияларды дамыту мәселелерін сәтті басқарды. Ол қаржы нарықтарының қалай дамитынын анықтайтын жаңа қаржылық қызметтерді дамытудың соңғы тенденцияларымен жақсы таныс. Жаңа қызметте оның білімі мен тәжірибесі АХҚО қаржы нарықтарының инновациялық дамуын және тиісті реттеуді қолдауда қажетті тепе-теңдікті табуға көмектесетініне сенімдімін».

Нұрхат Көшімов «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Кембридж университетінің заң ғылымдарының магистрі, оның заң және қаржы саласында 20 жылға жуық тәжірибесі бар. Осы жылдары мемлекеттік қызметте түрлі басшылық қызметтерді атқарған. Ол АХҚО-да жұмысын 2018 жылы АХҚО биржасы – AIX-те бастады, онда ол эмитенттерді реттеу, қазақстандық және шетелдік компаниялардың IPO-ларын дайындау және өткізу мәселелерін қадағалады. 2019 жылдан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін ол Компаниялардың тіркеушісі және қаржылық технологияларды реттеу саясатының негізгі бағыттарын әзірлеуге жауапты Басқарма мүшесі болды.
 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте